Алматыда бильярдтан Әлем чемпионаты басталды
Алматыда бильярдтан «динамикалық пирамида» бойынша әлем чемпионатының жалауы желбіреді.
Жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын жарысқа әлемнің 19 мемлекетінен келген 100-ге жуық спортшылар өзара мықтыны анықтайтын болады.
Дүбірлі додаға ерлер арасында 64 спортшы бақ сынаса, әйелдер арасында 32 спортшы қатысады. Олардың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортшылар да бар. Олар Ярослав Тарновецкий (Украина), Сергей Крыжановский (Молдова), Артур Пивченко (Украина), Никита Ливада (Ресей), Қаныбек Сағымбаев (Қырғызстан), Владислав Осьминин (Ресей), Леонид Швыряев (Ресей) және де қазақстандықтар әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Каранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров сондай-ақ, республикалық чемпионаттың жеңімпазы Арби Муциев.