Қазақстандық акробатшылар Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Дмитрий Немеренко мен Анастасия Архипова Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына лицензия алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Бельгияның Антверпен қаласында өткен әлем чемпионатында отандастарымыз жасөспірімдер арасындағы аралас жұпта өнер көрсетті. Бұл топта қазақстандық жұп Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк жеңіске жетті. Тағы бір отандастарымыз Немеренко мен Архипова жарыс қорытындысы бойынша сегізінші орын алды.
Алғашқы жұбымыздың жас болуына байланысты жастар Олимпиадасында ел намысын Немеренко мен Долганюк қорғайтын болды.
olympic.kz