Самбодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 51 медаль жеңіп алды
Ұлан-батырда өткен самбодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 51 медаль жеңіп, жалпы есепте бірінші орын алды.
Аталмыш додада қазақстандық спортшылар 22 алтын, 16 күміс және 13 қола медальге ие болды.
Қазақстан құрамасынан кейінгі екінші орында Монғолия спортшылары тұрақтады. Үшінші орын Түрікменстан елінің спортшыларына бұйырды.
Естеріңізге сала кетейік мамыр айының 11-і мен 14-ші жұлдызы аралығында Монғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында самбодан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы турнир өткен болатын. Дүбірлі додаға елімізден 65 спортшы аттанған еді. Аталмыш Азия чемпионаты ел спортшылары үшін биылғы жылы Джакарта қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарысы болып есептеледі.