Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Панамада өткен әлем чемпионатында үздік шықты
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Панамада өткен әлем чемпионатында үздік шықты.
Комабат джиу-джитсудан бақ сынаған отандастарымыздың барлығы финалға шығып, тек 2 спортшымыз ғана күміс жүлдені қанағат тұтты. 77 келіде сынға түскен Ерлан Тілеумбетов қарсыласшақ келтірмей алтыннан алқа тақса, Нұрлан Тілеумбетов аса ауыр салмақта қанжығасын майлады. Сондай-ақ Асу Алмабаев пен Темірлан Айсадилов өз салмақтарында топ жарды. Ал, Төлеген Атақұлов пен Исламхан Қани күміс жүлдеге ие болды.