Қазақстандықтар таеквондодан Азия чемпионатында алтын медальге қол жеткізді
Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан таеквандодан Азия чемпионаты барысында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынағағн Дүйсебай Смайл алтын медальге ие болды. Аталмыш алтын жүлде Қазақстан құрамасының Азия чемпионаттарында 2006 жылдан бері алып отырған алғашқы ең жоғарғы санаттағы жүлде болып отыр.
Сондай-ақ, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айтуар Шайкенов қола медальді қанағат тұтты.
Естеріңізге сала кетейік, 24 мамырда Вьетнам жерінде бастау алған таеквондодан 23-ші Азия чемпионатында ел намысын 16 спортшы қорғап жатыр.