Ақмолалық каратистер халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды
Астанада карате шинкиокушинкайдан «Astana cuр» атты халқаралық турнир өтті. Дәстүрге айналған аталмыш спорт түрі осымен 9-рет ұйымдастырылып отыр. Сайыста Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Татарстан және Қазақстан елдерінен 400-ге жуық каратистер бақтарын сынады.
Еліміздің намысын Ақмола облысының «САРДАР» спорт клубының спортшылары қорғап жеңістің биік тұғырынан көрінді. Турнир соңында каратистеріміз 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі.
Ағайынды жаттықттырушылар Алмас және Аязби Алшынбаевтардың айтуынша, барлық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, лайықты қарсылық көрсетті.
Сондай-ақ, турнир барысында Жапония елінен келген Таиши Ватанабенің қатысуымен семинар-жаттығу ұйымдастырылды. Оған клуб жаттықтырушысы Аязби Алшынбаев, Ибрагим Хамзин, Ернар Жұмашев, Станислав Кауфман және Рамазан Тумгоевтер қатысып, шеберліктерін арттырды.