Таеквондодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарына жаттығуын аяқтады
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, ертең Джакартаға ұшып кетеді.
Ұлттық құраманың аға бапкері Батырбек Ердәулетов спортшылардың көңіл-күйі көтеріңкі екенін айта келе, жоғары нәтижеден үміт күтетінін жеткізді.
"Спортшылардың көңіл-күйі жақсы. Бүгін Азиада алдындағы оқу-жаттығу кезеңін аяқтап, Индонезияға бет аламыз. Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Десе де, арық айтып, семіз шыққан дұрыс деп есептейміз. Спортшылар барын салып, таеквондошылар жақсы нәтиже көрсететініне сенеміз", - дейді аға жаттықтырушы.
Olympic.kz