Азиада - 2018. Әйелдер күресінен Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті
Әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова ақтық сында қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Финалда Жұлдыз Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Миге 11:0 есебімен жеңілді.
Жұлдыз финалдық бәсекеге дейін Оңтүстік Корея, Таиланд және Моңғолия балуандарын тізе бүктірген болатын.
Ешімованың жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен 6-шы медаль!
Фото: Olympic.kz