Азиада-2018. Дмитрий Баландин қоржынға тағы бір қола әкелді
Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстан қоржынына тағы бір ҚОЛА медаль сыйлады.
100 метр қашықтыққа брасспен жүзу бойынша отандасымыз 59.39 уақыт көрсеткішімен үшінші орынды қанағат тұтты.
Сондай-ақ, 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынаған тағы бір отандасымыз Әділбек Мусин үздік бестікке енді.