Азиада - 2018. Жүзгіштер тағыда екі қола медаль ұтты
Жүзуден Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин мен Александр Варакин бастаған Қазақстан құрамасы эстафеталық сында қола жүлдегер атанды.
400 метрге кешенді түрде жарысудан отандастарымыз 3:35.62 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке енді. Бірінші орынға қытайлық жүзгіштер жайғасса, екінші орынды Жапония спортшылары қанағат тұтты.
Сондай-ақ, Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды.
Қазіргі сәтте Қазақстандық спортшылар ел қоржынындағы 34 медальмен (3 алтын, 7 күміс, 24 қола) жалпы есепте 11-ші орынға тұрақтады.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі