Азиада-2018. Дархан Нортаев джиу-джитсудан Азия ойындарының чемпионы атанды
Джиу-джитсудан 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дархан Нортаев Азия ойындарының чемпионы атанды. Финалдық бәсекеде отандасымыз Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан басым түсті
Ал, 94 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ришат Макашев қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, джиу-джитсу шеберлерімен қатар каратеден де ел қоржынына бір медаль түсті. Қазақстан құрамасының спортшысы Данияр Юлдашев (84 кг жоғары) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Қола үшін таласта отандасымыз иорданиялық спортшыдан 7:2 есебімен басым түсті.