«QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларына кастинг жариялайды!

«QAZSPORT» телеарнасы кастинг жариялайды. Бұл 5 жыл ішіндегі 9-шы кастинг. Соңғы кастинг іріктеуде 400-ден аса үміткер  бақтарын сынады. Өздерін  жақсы қырынан көрсеткен үміткерлер бүгінде арнамызда комментатор болып жұмыс істеуде. Олардың арасында Лилиана Әлжанова, Ербол Қайыров, Ерік Ерсін, Дидар Қадыров, Дмитрий Нестеренко сынды есімдер бар.

 

Кастингтің мақсаты - арнадағы қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтыру.
Кастингке 22 жастан жоғары ҚР азаматы қатыса алады.
Кастинг мынадай спорт түрлерінен өтеді:
a)жеке спорт түрлері мен велоспорт, баскетбол, волейбол, регби, хоккей, жекпе-жек, ұлттық спорт түрлері;
б)мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу сияқты спорт түрлері бойынша комментатор–қыздар;
в)барлық спорт түрін жетік меңгерген комментаторлар.

 

Үміткерлер түйіндемелерін kazsporttv.kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері керек. Резюмелер 2018 жылдың 8 қазан күні сағат 20:00 ге дейін жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады. Одан кейін түйіндемелер өңдеуден өтіп, арнайы база құрылады. Қарастырылған түйіндемелерден үміткерлер тізімі анықталып, электронды поштаға немесе қоңырау соғу арқылы кастингке қатысуға шақырту жіберіледі.
Үміткерлердің өздерімен бірге жеке куәлігі болуы шарт.
Кастинг 2018 жылы 13-14 қазан аралығында Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 33А үйінде орналасқан «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді