Қазақстандық үш спортшы ІІІ Азия Пара ойындарында чемпион атанды
Қазақстандық спортшы Сиязбек Далиев ІІІ Азия Пара ойындарында 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанды.
Отандасымыз белгіліенген қашықтықты 37,40 секундта жүзіп өтіп, Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. Екінші орын вьетнамдық Во Тханх Тунгке бұйырса, үздік үштікті малайзиялық Джамери Сига түйіндеді.
Сондай-ақ, жүзуден Ержан Сәлімгереев пен Зульфия Габидуллина да алтыннан алқа тақты. Олар 100 метрге еркін мәнермен жүзіп, қарсылас шақ келтірмеді.
Ал, күміс жүлделерге Дмитрий Ли (жүзу, 200 метр комплекс) және пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева ие болды. Сонымен қатар, дзюдошы Дәулет Теміржан қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда отандастарымыз ІІІ Азия Пара ойындарында ел қоржынында 15 медаль бар (3-6-6).