Роза Абитова аралас командалық сында күміс жүлде жеңіп алды
Буэнос-Айресте көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Роза Абитова финалдан сырт қалды деп хабарлайды Қазақстан ҰОК.
Ақтық сынға өткен сегіз гимнастың қатарына ену үшін Розаға 0,50 ұпай жетпей қалды. Десе де, Роза күтпеген жерден күміс жүлдегер атанды.
Ұйымдастырушылар спортшыларды сырттай командаларға бөліп, халықаралық құрам жасақтаған. Роза енген команда ұпай саны бойынша екінші орыннан көрінді.
Сондай-ақ, дзюдошы Бекарыс Сәдуақас аралас командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Ол Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге "Лондон" командасының намысын қорғаған болатын.
ФОТО: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі