Жасөспірімдер олимпиадасы: Қазақстан құрамасында 4 алтын, 3 күміс, 3 қола
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары өз мәрежесіне жетті. Байрақты додаға әлемнің 206 елінен 4 мыңға жуық спортшы қатысты.
Айтулы бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфир арқылы ұсынды.
Төрт жылда бір өтетін шарада Қазақстан намысын 22 спорт түрінен 57 спортшы қорғады. Ел құрамасы жалпыкомандалық есеп бойынша 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен 14-шы орынға тұрақтады.
Алтын медаль
Диас Бахраддин (каноэде ескек есу)
Айбек Оралбай (бокс)
Бекарыс Сәдуақас (дзюдо)
Глеб Бурсенсий, Евгений Федоров (велоспорт)
Күміс медаль
Маргарита Гриценко (дзюдо)
Талғат Шайкен (бокс)
Дамир Тойбай (бокс)
Қола медаль
Әбілмансұр Батырғали (Карете)
Надежда Рябец (бокс)
Стелла Суханова (каноэде ескек есу)
фото: olympic.kz