Дамир Исмагуловтың UFC -дегі алғашқы қарсыласы анықталды
Жақында ғана жекпе-жек әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі UFC промоушенімен келісімге келген Дамир Исмагулов 2 желтоқсан күні алғашқы кездесуін өткізеді.
Австралияның Аделайда қаласында өтетін UFC Fight Night 142 турнирінде жергілікті спортшы Алекс Горджеспен кездеседі.
Бұның алдында Дамир Исмагулов ирладниялық Джозеф Даффимен жұдырықатасады деп жоспарланған болатын. Алайда, ирландиялық спортшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
UFC Fight Night Adelaide турнирін "QAZSPORT" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.