«Астана» велокомандасы жарыс жолына шықты
Аргентинада «Тур Сан Луис» веложарысының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл -«Астана велокомандасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы.
164 шақырымға созылған кезеңде «Garmin – Sharp» командасының велшабандозы Филлип Гаймон топ жарды. Екінші және үшінші орында Эмелиано Контрерас (Sel. Argentina) және Марк Де Маар (UnitedHealthcare).
«Астана» велокомандасының құрамынан жоғары нәтиже Винченцо Нибали еншісінде. 2010 жылы жеңімпаз атанған велошабандоз бұл додада мәре сызығын 34-ші болып кесті.
Қазақстандық команда құрамына биыл қабылданған Микель Ланда мен Микеле Скарпони бұл кезеңде 72 және 74-ші орыннан көрінді.
«Тур Сан Луис» веложарысы жеті кезеңнен тұрады. Көпкүндік 26 қаңтарда аяқталады.