«KAZsport» телеарнасы Түркияда өтетін веложарысты тікелей эфирде көрсетеді
27 сәуір мен 4 мамыр аралығында Түркияда 50-ші президенттік веложарыс өтеді. Бұл жарысқа қазақстандық «Астана» велокомандасы қатысады. Сонымен қатар, «Lampre-Merida», «OmegaPharma-Quick Step», «Lotto-Belisol», «Torku Konyaspor» сияқты танымал командалар да жарысқа түседі.
Аланиядан басталған жарыс Стамбулда мәресіне жетеді. Сегіз кезеңнен тұратын веложарыстың жалпы ұзындығы - 1254 шақырым. Жеті кезең бойы велошабандоздар Аланиядан Измирге дейін Жерорта теңізі мен Эгей теңізінің жағалауы арқылы жүріп өтеді.
Велошабандоздар үшін Финике мен Элмалы арасындағы үшінші кезең қиындау болмақ. Қатысушылар тауға шығып, кезеңді теңіз деңгейінен 1825 метр биіктікте аяқтайды.
«KAZsport» телеарнасы веложарысты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, шығармашылық топ күн сайын арнайы репортаждар таратып отырады.
50-ші президенттік Түркия веложарысының кестесі:
1 кезең. Алания – Алания. 144,7 шақырым. 27 сәуір.
2 кезең. Алания – Кемер. 174,2 шақырым. 28 сәуір.
3 кезең. Финике – Элмалы. 184,7 шақырым. 29 сәуір.
4 кезең. Фетхие – Мармарис. 124,3 шақырым. 30 сәуір.
5 кезең. Мармарис – Тургутрейс. 177,3 шақырым. 1 мамыр.
6 кезең. Бодрум – Селчук. 183,1 шақыры. 2 мамыр.
7 кезең. Кушадасы – Измир. 144,8 шақырым. 3 мамыр.
8 кезең. Стамбул – Стамбул. 121,0 шақырым. 4 мамыр.
Фото: tourofturkey.org