Қазақстан тұңғыш рет велоспорттан Азия чемпионатын қабылдауда
Астанада велоспорттан тұңғыш рет Азия чемпионаты басталды. 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтетін жарысқа 30 елден 500-ден астам спортшы келді.
Жарыс трек және шоссе бағдарламасы бойынша жасөспірімдер және ересектер арасында өтеді. Трек бағдарламасы бойынша спортышылар 22-26 мамыр аралығында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде сынға түседі.
Ал шоссе бәсекесін 26 мамыр мен 1 шілде аралығына Қарағандыдағы «Қарағанды-Арена» спортк кешені қабылдайды.
Құрлық чемпионаты қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына орайластырылған.
Велоспорттан Азия чемпионатында сынға түсетін Қазақстан Ұлттық құрамасының тізімі:
Трек: Роберт Гайниев (2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері), Диас Өмірзақов, Никита Панасенко, Дмитрий Лукьянов, Павел Гацкий, Жақсылық Пазылбек (2013 жылғы Азия Кубогының жүлдегерлері мен жеңімпаздары), Екатерина Юрайтис (Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері).
Шоссе: Дмитрий Груздев (2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы), Валентин Иглинский, Максим Иглинский (2012 жылғы Льеж-Бастонь-Льеж біркүндігінің жеңімпазы), Данил Фоминых, Руслан Тілеубаев, Арман Қамышев.
Спорт директоры: Дмитрий Фофонов