Веложарыс өтті
Қазақстан велоспортының 100 жылдығы мен Астана қаласының күні қарсаңында «Сарыарқа» велотрегінде велоспорттан жарыс өтті. 300-ден аса спортшы өзара бақ сынасып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Сарыарқа» фитнес-орталығының абонементтеріне ие болды. Бұл шараның басты мақсаты елімізде велоспортты және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.