«Джиро д Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару Астанаға келді

Бүгін түнде Франкфурт – Астана әуе бағытымен «Джиро д’Италия-2014» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару елордаға келді. «Pro Team Astana» командасының италиялық велошабандозының жанында Паоло Тираланго мен команданың спорт директоры Александр Шефер болды. Фабио Ару осымен Қазақстанға екінші рет келіп отыр.
«Бұл – менің Қазақстанға екінші сапарым. Алғаш рет жолым қыста түсті. Енді, міне жазда келіп отырмын. Астана көшелерімен велосипедпен жүріп өтсем деймін», - дейді Фабио Ару.
Италиялық велошабандоз бұл сапарда велокоманданың демеушісі – «Самұрық-Қазына» және «Астана» кәсіпқой президенттік клубының жетекшілерімен кездеседі. Сондай-ақ, Қазақстан велоспорт федерациясы мен «Astanafans» жанкүйерлерімен кездеседі.
Айта кетейік, 19-шы маусымда елордада «Pro Team Astana» командасының бас менеджері Александр Винокуров пен «Джиро д’Италия» көпкүндігінің қола жүлдегері Фабио Ару баспасөз мәслихатын өткізеді.
Шараға «Pro Team Astana» командасының өкілдері Паоло Тиралонго, Дмитрий Муравьев, Андрей Зейц және спорт директоры Александр Шефер қатысады.
Сонымен қатар, 20-ші маусымда Алматыда Фабио Ару, Паоло Тиралонго және Александр Винокуров жас спортшыларға шеберлік сағатын ұйымдастырады. Шеберлік сағатына Алматы мен Талғар қаласындағы спорт мектептен 100-де астам жас спортшы қатысады.
Ал 21-ші маусымда Фабио Ару Алматы қаласның әкімі Ахметжан Есімовпен бірге велошеруге қатысады. Велошерудің мақсаты – 2020 жылғы Олимпиаданы Қазақстанда өткізуді қолдау.
Фабио Ару алғашқы кәсіби келісімшартын 2012 жылы Astana Pro Team командасымен жасасты. Италиялық велошабандоз қазақстандық команданың намысын 2016 жылға дейін қорғайды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды