Фабиан Канчеллара «Тур де Франстан» кететінін мәлімдеді
«Тур де Франс» көпкүндігіне қатысып жатқан «Trek Factory Racing» командасының велошабандозы швейцариялық Фабиан Канчеллара 11-ші кезең алдында көпкүндіктен кететінін мәлімдеді.
«Мен бір жыл ішінде 59 турнирге қатысқан екенмін. Біраз күшім сарқылғаны анық. Енді еліме оралып аз уақытқа демалысқа шығамын. Өйткені, менің алдымда Әлем чемпионы болу мақсаты тұр. Ол үшін мен бабымда болуым керек», - дейді Канчеллара.
Әлем чемпионаты осы жылдың 22-28-і қыркүйек күндері Испанияда өтеді.
Сондай-ақ, «Тур де Франс» көпкүндігің жарыс жолынан Альберто Контадор, Крис Фрум, Марк Кэвендиш және Энди Шлек шығып қалған болатын.
Естеріңізге сала кетейік «Тур де Франс» көпкүндігінде «Астана» клубының капитаны Винченцо Нибали көш бастап келеді.