Вуэльта – 2014: Прьего-ди-Кордоба – Ронда
Жазық жолмен өтіп, топтық спринтпен аяқталған жарыстың бесінші кезеңінде шабандоздардың басты қарсыласы ыстық күн мен қапырық ауа болды.
Негізгі топ жылдамдықты үдете бастаған сәтте Алексей Луценко қателікке бой алдырмай, жалпы есеп үшін талас тізімінен шығып қалмау үшін командаластарын алға сүйреді.
Тәжірбиелі шабандоздар дәл осындай сәтте қарсыластарының әрбір қимылына жауап беріп, реті келсе олардың жоспарын жоққа шығаруға барынша күш салу керек екенін жақсы біледі. Бұлай болмаған жағдайда команда тактикасының күл талқаны шығуы ғажап емес.
Луценконың тиімді іс-әрекеті командаластары Фабио Ару, Микеле Ланда мен Танел Кангерттің бейсенбі күні болатын алғашқы таулы кезеңде жалпы есептегі таласқа қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.
Андреа Гуардини кезеңнің бас жағында құлап қалды. Абырой болғанда жарақаты жоқ, бірақ ол командаласы Андрей Зейцпен бірге пелотон бөліне бастағанда негізгі топқа ілесе алмады.