Қазақстандық велошабандоз Тілеген Майдос Италияда жеңіске жетті
«Astana Continental Team» командасының велошабандозы Тілеген Майдос итальиялық Карнагода біркүндік жарыста таудағы жіктелімде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл 8 айналымнан тұратын сақина тәрізді жарыс. Біз үнемі алда болдық. Кез келген шабуылға қарсы тұрдық. Сөйтіп, мен тауда көп ұпай жинадым. Бүкіл команда жарысқа белсенді атсалысты, жарыстың соңына қарай Ғалым Ахметов 3 шабандозбен кейін қалып еді, мәреге 4 шақырым қалғанда қуып жетті. Ойлағанымыздың бәрі бірдей көңілден шықпаған шығар, дегенмен біз жаман жұмыс жасаған жоқпыз», - деп әсерімен бөлісті Тілеген Майдос.
Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Вадим Галлеев «Tour of China «жарысының бірінші бөлімінің екінші кезеңінде үшінші орынға ие болды.