Өскеменде халықаралық «Tour de Oskemen веложарысы өтеді
12-13 қыркүйекте Өскеменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын мерекелеуге орай екікүндік «Tour de Oskemen» веложарысы ұйымдастырылады.
Бәсекеге Ресей мен Өзбекстан спортшылары да қатыспақ. Жарыс жолына 7 облыстың командасы, «Astana Pro Team», «Almaty Рro Team» және әль-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары да шығады, дейді Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әбіл Дөнбаев.
Бұлардан басқа шараға танымал велошабандоздар Асан Базаев пен Дмитрий Муравьев қатысады. Веложарыс екі кезеңде өтпек. Бәсеке Риддерден басталып, Өскеменде аяқталады.
Спортшыларға берілетін сыйақы қоры – 5,7 миллион теңге.
Фото: www.inform.kz