Мақсат Аязбаев пен Бақтияр Қожатаев – «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасының жаңа мүшелері

«Tour of Almaty-2014» велобәйгесі қарсаңында «Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров Мақсат Аязбаев пен Бақтияр Қожатаев есімді екі жас шабандозбен екі жылдық келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Мақсат Аязбаев – 1992 жылдың 27-ші қаңтарында Алматы облысының Сарқан қаласында дүниеге келген. Алғашында Қаркен Ахметов атындағы спорт мектебінде оқиды. Өзінің спорт жолын велоспорттың трек түрінде бастайды, алайда жасөспірім шағында шоссе жарыстарына ауысып кетеді. Осылайша 2009 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі болады. Құрама сапына алынғаннан кейін Мақсат бірден «Tour de Korea» жарысында 3-ші орын иеленеді. Ол өзін көпкүндік жарыстарға бейімделген велошабандоз ретінде көрсетеді. Сол жылы жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының көпкүндік жарысында жалпы есепте 2-ші орын иеленеді. - 2010 жылы Швейцарияда өткен «Tourde Pays de Vaud» жарысында 5-ші орын алады. Жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында күміс жүлде иеленеді. - 2012 жылы Мақсат «Continental Team Astana» командасымен келісімшарт жасасып, Болгария Турында командаға жалпы есепте 1-ші орын алып береді. Сонымен қатар, сол жарыстың «ең үздік жас шабандозы» атағын иеленеді. - 2014 жылы Мақсат Аязбаев «Vuelta Independencia Nacional» жарысының 2-ші кезеңінде 2-ші орын алып, «Ең үздік жас велошабандоз» атанады. Мексикадағы Вуэльтада «Continental Team Astana» командасының мүшесі жалпы есепте 2-ші орын алып, тағы да «Ең үздік жас велошабандоз» атағын иеленеді. Қазақстанда өткен Азия Чемпионатында Мақсат қола медаль жеңіп алады. Ал, Бақтияр Қожатаев – 1992 жылдың 27-ші наурызында Петропавл қаласында дүниеге келген. Велоспортпен 13 жасынан бастап айналысады. Бақтияр «Continental Team Astana» командасына 2013 жылы қосылады. Осы жылы команданың көшбасшылары Алексей Луценко, Арман Қамышев пен Руслан Тілеубаев «Pro Team Astana» сапына өткен болатын. Жаңа командаға өткен Бақтияр «Triptyqye des Monts et Chateaux» үш күндік жарысының соңғы, яғни таулы кезеңде 10 ұпайдың 8-ін алады. Осылайша Таулы кезеңдерде жинаған ұпайлары бойынша жарыс көшбасшысы Фабио Сильвестрті озып кетеді. Ол өзін 2012 жылда өткен «Heydar Aliyev Anniversary tour» жарысынан бастап таулы кезеңнің шебер велошабандозы ретінде көрсеткен еді. Осы жарыста ол жалпы есепте 3-ші орын алып, «Үздік таулы велошабандоз» атанған. 2013 жылы осы жарыста Бақтияр қайтадан жалпы есепте 3-ші орын алады. 2014 жылы Қазақстанда өткен андерлер арасындағы Азия чемпионатында Бақтияр Ұлттық құраманың басты велошабандозы боды. Себебі, команданың капитаны ретінде Бақтияр көзге көрінбейтін «қара» жұмысты абыроймен атқарып шықты. Ал 2014 жылдың маусымында Бақтияр Қожатаев «Джиро Валле д'Аоста» көпкүндігінің 3-ші кезеңінде 3-ші орын алды. Ал жалпы есепте қазақстандық 9-шы орын иеленген болатын. Енді осы екі талантты жас велошабандоз «Astana Pro Team» командасының сапында сынға түседі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды