Алексей Луценко «Tour of Almaty-2014» веложарысында жеңімпаз атанды

Бүгін Алматыда «Tour of Almaty-2014» веложарысы өтті. Онда «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Айта кету керек, алғашқыда тағы бір қазақстандық Дмитрий Груздев алда келе жатқан еді. «RusVelo» командасының мүшесі Ильнур Закарин екеуі қарсыластарын мәреге 48 шақырым қалғанда басып озған. Олардың соңында келе жатқан топта 12 спортшы болды. Араларында «Астана» командасының 5 мүшесімен қатар, Винченцо Нибали де бар еді. Нәтижесінде мәреге Алексей Луценко бірінші келді. Екінші орын «Катюша» командасының мүшесі Сергей Чернецкийге бұйырса, үшінші орынды «RusVelo» командасынан Сергей Лагутин алды. Еске сала кетейік, «Tour of Almaty» жарысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шара биыл UCI-ден алғашқы дәрежесін алды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды