Велотрек. Қазақстандық спортшылар Азия Кубогында 7 алтын медаль иеленді
Велоспорттың трек жарысы бойынша Таиландта Азия Кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс төрт санатта өтті: ерлер, әйелдер, ұлдар және қыздар арасындағы сайыстар. Ерлер арасындағы кейрин жарысында Павел Воржев «алтын» иеленсе, Заки Сұлтанов «қола» алды. Ал Роберт Гайниев скретчте «күміс» ұпай саны бойынша жарыста қола жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар, өзінің командаластары Пазылбек Жақсылық, Диас Өмірзақов және Никита Клевановпен бірге командалық із кесу жарысында екінші орынға тұрақтады. Із кесу жарысының жекелей сынында Магомед Мамедов қола медаль алды.
Қазақстан құрамасына екі алтын жүлдені Екатерина Юрайтис әкелді. Ол әйелдер арасында із кесу жарысының жекелей сынында және ұпай саны бойынша жарыста үздік болды. Скретч сайсында Фаина Потапова – екінші, ал Әлия Қарғалиева – үшінші.
Таиландтағы алғашқы алтын медальдердің бірін Сергей Шатовкин із кезу жарысының жекелей сынында әкелді. Ал, жас қыздарымыз үш «алтын» иеленді. Надежда Генелева жарыстың екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол із кесу жарысының жекелей сынында және ұпай саны бойынша жарыста үздік нәтиже көрсетті. Ал, Светлана Рябова скретчте алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, Татьяна Заднепрянова спринт жарысында «қола» алды.
2wheels.kz