«Астана» командасының велошабандозы Виктор Окишев допингпен ұсталды
Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) тексеріс кезінде «Астана» құрлықтық командасының велошабандозы Виктор Окишевтың қанынан допинг табылғандығын мәлімдеді.
Аталмыш тексеріс 2014 жылдың 29 мамырында Азия чемпионаты кезінде алынған. Тексеріс нәтижесі бойынша спортшының рұқсат етілмейтін препараттың қолданғандығы анықталды.
Ендігі кезекте спортшы «В» нұсқасы бойынша тексерісті қайта жүргізуге құқылы. Ал, оған дейін ол барлық сайыстардан шеттетіледі, деп хабарлайды astanafans.com.
Бұл қазақстандық велоспортшылар допингпен ұсталған бірінші оқиға емес. Осыған дейін «Астана» кәсіби велокомандасының спортшылары ағайынды Максим және Валентин Иглинский мен Илья Давыденок допингпен ұсталынып, жарыстардан шеттетілген болатын.