«Джиро-2015» велокөпкүндігіне Брэдли Уиггинс қатысуы мүмкін
Sky командасының велошабандзоы, британдық Брэдли Уиггинс келесі жылы «Джиро д’Италия» көпкүндігіне қатысуы мүмкін.
Спортшы маусым айында әлемдік рекорды орнатпақ. Сол себепті «Джиро» ол үшін дайындық кезеңі болмақ.
Британдық велошабандоз бұл жарыста Тревизо – Вальдоббьяне кезеңінде жеңіске жетуді көздейді. Бұл – көпкүндіктің 14-ші кезеңі. Спортшылар 59,2 шақырым қашықтықта жекелей сында бағын сынайды.
Фото: cyclingnews.com