«Астана» велокомандасы 2015 жылғы Әлемдік Тур жарыстарына қатыса алады
«Astana Pro Team» кәсіб велокомандасы 2015 жылғы Әлемдік турға қатысу лицензиясын иеленді, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі. Яғни, «Астана» шабандоздары алдағы маусымның ең беделді сайыстарына қатыса алады.
«Велошабандоздарға, команданың әкімшілігіне, жанұяларымызға, демеушілерімізге, достарымызға және жанкүйерлерімізге қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамыз!», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, допингтік дауына қатысты команданың лицензия алуда мәселе туындаған болатын: үш айдың ішінде «Астана» командасының бес бірдей ойыншысы рұқсат етілмеген препараттар қолданып, допингпен ұсталған болатын.
sk-sport.kz