«Астана» велошабандоздары Винценцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони Қазақстанға келеді
«Тур де Франс-2014» көпкүндігінің қаһармандары Винценцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони 20 тамыз күні Қазақстанға келеді. Олар мінген ұшақ елорда әуежайына жергілікті уақытпен 23:05-те қонады.
«Астана» командасының велошабандоздарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қабылдайды. Кездесуге «Тур де Франс-2014» жарысына қатысқан қазақстандық спортшылар Максим Иглинский мен Дмитрий Груздев те қатысады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, «Астана» командасының велошабандоздары Бурабайда өтетін қайырымдылық шарасы мен 24 тамыз күні Астанада Конституция күніне арналған велошеруге қатысады.