Джиро д'Италия – 2015 көпкүндігінің жаңа жейделері таныстырылды

Флоренцияда Джиро д’Италия (Giro d’Italia) көпкүндігінің көшбасшылары киетін төрт жейде таныстырылды.

Жаңа жейделердің дизайнын танымал италиялық Lebole компаниясы әзірлеген.  

Джиро д’Италия – ең ірі спорт жарыстарының бірі. Үш аптаның ішінде 11 миллион жанкүйер жинайды. Оның 2,4 миллионы кезеңнің басталуында келсе,  2,3 миллионы мәреде қарсы алады. Ал, 6,5 миллион жанкүйер велошабандоздарға жолдың бойында қолдау білдіреді.

Италияда өтетін Гран-турының трансляциясын күн сайын әлемнің 171 елінен 18 миллион көрермен тамашалайды. 162 елде тікелей эфирде таратылады. Өткен жылы 4 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы хабар таратқан.

Джиро д’Италия-2015 жейделерінің демеушілері:

Maglia Rosa – жалпы есептің көшбасшысына арналған алқызыл жейде. Демеушісі - Balocco, бисквит өндірісімен айналысатын италиялық кондитерлік компания;

Maglia Azzurra - тау көшбасысына арналған жейде. Демеушісі – Mediolanum банкі;

Maglia Rossa - ұпай саны бойынша жеңімпаз киетін қызыл жейде. Демеушісі - Aldiga, балмұздақ өндірісімен айналысатын италиялық компания;

Maglia Bianca, ең үздік жас велошабандоздың ақ жейдесі. Демеушісі -  Eurospin, дискаунтер желісі.

 

Фото: velolive.com

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды