Қазақстандық велоспортшы Никита Панасенко Минск Гран-приінде жеңіске жетті
Қазақстандық велоспортшы Никита Панасенко Минск Гран-приі аясында 40 шақырымға ұпай арқылы топтық жарысудан жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Велоспорт федерациясының баспасөз қызметі.
Омниум сайысында сынға түсіп жатқан отандасымыз Артем Захаров бірінші сайыс күнінен кейін көшбасшыдан 8 ұпайға артта қалып, екінші орында келеді. Ал, Диас Өмірзақов 5-ші орында болса, Никита Клеванов әзірге 12-орынға табан тіреуде.
Екінші сайыс күнінде қазақстандық велоспортшылар үш сайыс бойынша – гит, спринт және ұпай бойынша жарысады.
Фото: Қазақстан Руспубликасының Велоспорт федерациясы