Қазақ спорт және туризм академиясы 45 күндік веломарафонға аттанды
26 мамырда жолға шыққан қатысушылар 10 шілдеге дейін 3200 шақырым жол жүріп, Алматы – Ақмола – Қарағанды – Алматы облыстарын басып өтеді. Олар веломарафон кезінде жастар арасында велотуризммен мен салауатты өмір салтын және экологиялық туризмді насихаттамақ.
Марафон Шоқан Уәлихановтың 180, Қазақ хандығының 550, Жеңістің 70, ҚР Конституциясының 20 жылдығына және Ассамблея жылына арналған.