«Джиро д’Италия» велокөпкүндігі аяқталды
Турнирдің соңғы 21-кезеңінде «Etixx-Quick Step» клубының өкілі бельгиялық Ильо Кейссе жеңімпаз атанды. Мәре сызығын екінші болып «Orica-GreenEdge» мүшесі австралииялық Люк Дарбридж, үшінші германиялық шабандоз Роджер Клуге кесті.
Турнир қорытыныдысы бойынша «Tinkoff-Saxo» командасының капитаны испаниялық Альберто Контадор «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орында «Астана» клубының өкілдері иеленді. Турнирді Фабио Ару екінші, Микель Ланда үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Фабио Ару турнирдің ең жас шабандозы атанды.
«Джиро д’Италия», 21-кезең
Турин — Милан, 185 шақырым
3. Ильо Кейссе (Бельгия, «Etixx-Quick Step») — 4:18:37
2. Люк Дарбридж (Австралия, «Orica-GreenEdge»)
3. Роджер Клуге (Германия, IAM) — +0:09
Жалпы есеп:
1. Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») — 88:22:25
2. Фабио Ару (Италия, «Астана») — +1:53
3. Микель Ланда (Испания, «Астана») — +3:05
13. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +28:05
19. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана») — +1:03:38
23. Диего Роса (Италия, «Астана») — +1:24:57
25. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») — +1:35:24
35. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +2:17:30
59. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +3:09:32
85. Давид Малакарне (Италия, «Астана») — +4:04:18.