Винченцо Нибали «Тур де Франс» көпкүндігінің төртінші кезеңінде мәреге 15-ші келді
«Тур де Франс – 2015» велокөпкүндігінің 223.5 шақырымға созылған төртінші кезеңі аяқталды.
Төртінші кезеңде германиялық «Etixx-Quick Step» командасының өкілі – Тони Мартин жеңімпаз атанды. Тағы бір германиялық спортшы, «Giant-Alpecin» командасының мүшесі Джон Дегенкольб екінші, ал, «Tinkoff-Saxo» мүшесі словакиялық Петер Саган мәре сызығын үшінші болып кесті.
«Астаны» клубының капитаны Винченцо Нибали мәреге 15-ші келді.
«Тур де Франс». Төртінші кезең
Серен — Камбре. 223.5 шақырым
Жалпы есеп:
1. Тони Мартин (Германия, «Etixx-Quick Step») — 12:40:26
2. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — +0:12
3. Тиджей ван Гардерен (АҚШ, «ВМС») — +0:25
13. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +01:50
23. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») — +04:01
80. Андрей Гривко (Украина, «Астана») — +13:27
84. Рейн Таарамяэ (Эстония, «Астана») — +13:45
131. Микеле Скарпони (Италия, «Астана») — +20:36
137. Лиуве Вестра (Нидерланды, «Астана») — +21:55
138. Ларс Боом (Нидерланды, «Астана») — +22:04
141. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +22:42
142. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — +23:11.