Велоспорттан Астана Кубогы үшін жарыс өтті

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Астана Кубогы» үшін велоспорттан жарыс өтті. Сайысқа 55 спортшы қатысқан. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың «Б» тобында 1-ші орынды Амир Богданов иеленсе, күміс жүлдені Кирилл Стрельченок, ал қола медальді Данил Потапенко ұтып алды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің «А» тобында Юрий Филатов жеңімпаз атанды. Қыздар арасында осы топтық жарыста Әнел Айзахметова топ жарды. 10 шілде күні өткен 2 шақырым қашықтықты құраған жекелей сайыста жасөспірімдер арасында Юрий Филатов, осы топтағы қыздар арасында Карина Кулагина және Амелия Ысқақова жеңімпаздар қатарынан орын алды. «Астана Кубогы» үшін өткен веложарыс жеңімпаздары 19-24 шілде аралығында Астана қаласында «Сарыарқа» велотрегінде өтетін Қазақстан чемпионатында елорда намысын қорғайды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды