Даниялық велоспортшы Якоб Фульсанг «Астана» командасымен 2 жылдық келісімшартқа қол қойды

«Маған «Астана» командасында барлық жағдай жасалған, және осы командада карьерамды жалғастырғым келеді. Менің көмегім клубқа қажет болса, клубтың көмегі мағанда қажет. 2 жылдық келісімшарт екі тарапқа да оң нәтиже береді деп есептеймін», - дейді Якоб Фульсанг. «Астаны» клубының директоры Александр Винокуровта Якоб Фульсангпен келісімшарт жасасқанына қуанышты екенін айтады. «Біз Якоб Фульсангпен 2 жылдық келісімшарт жасасқанымызға қуаныштымыз. Былтырғы «Тур де Франс» көпкүндігінде Винченцо Нибалидың жеңімпаз атануына Якобтың көмегі көп тиді. Нибалиге қазірде Фульсангтің көмегі, қолдауы қажет», - дейді ол. Еске сала кетейік, қазір Якоб Фульсанг «Астана» клубының капитаны. Ол «Тур де Фрнас» көпкүндігінің 16-кезеңінен кейін жалпы есепте 22-орында келеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды