Тур де Франс-2015. Винченцо Нибали 19-шы кезеңде жеңіске жетті
«Тур де Франс» көпкүндігінің 19-шы кезеңі 138 шақырымдық төрт күрделі өрі бар таулы бағдарда өтті.
«Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибали кезеңде алға шығып, топтан екі минут бұрын келді.
Колумбиялық Наиро Кинтана («Movistar») 2-ші келсе, жалпы жарыстың көшбасшысы ұлыбританиялық Крис Фрум («Sky») мәре сызығын 3-ші болып қиды.