«Астана» велокомандасының өкілі Диего Роса бір күндік Милан - Турин велобәйгесінде жеңімпаз атанды
186 шақырымдық жарысты Диего Роса 4 сағат 27 минут және 51 секундта жүріп өтті.
Ал, «Tinkoff-Saxo» командасының шабандозы Рафал Майка жеңімпаздан 16 секунд кешігіп, екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті елордалық команданың мүшесі Фабио Ару түйіндеді.
Ол – жеңімпаздан 24 секунд кешікті. Осылайша бір күндік жарыста «Астана» командасның екі шабандозы жүлделі орындардан көрінді.