Андрей Гривко «Жерорта теңізі» турнирінде жеңімпаз атанды
Турнирдің соңғы турында «AG2R» командасының өкілі белгиялық велоспортшы Ян Беклантс жеңімпаз атанды. Мәре сызығын екінші «Cofidis» командасының спортшысы франциялық Арнольд Жаннессон кессе, үшін болып «FDJ» командасының велошабандозы Александр Женье кесті.
Ал, «Астана» велокомандасының өкілі Андрей Гривко соңғы турда мәре сызығын оныншы болып кесіп, турнирдің биылғы чемпионы атанды.
Жалпы есеп:
1. Андрей Гривко (Украина, «Астана») — 11:21:27
2. Матьё Ладанью (Франция, FDJ) — +0:18
3. Ян Беклантс (Бельгия, «AG2R») — +0:32
11. Эрос Капекк (Италия, «Астана») — +1:55
25. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +6:56
28. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») — +8:03
48. Бақтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») — +17:31.