«Астана» велошабандозы Луис-Леон Санчес Вольта Альгарве жарысының 2-ші кезеңінде жеңіске жетті
Қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы Луис-Леон Санчес Альто-да-Фойя тауындағы финишпен аяқталған Вольта Альгарве-2016 жарысының 2-ші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды velolive.com.
32 жастағы испаниялық мәреде «Sky» командасының ұлыбританиялық спортшысы Герант Томаспен «LottoNl-Jumbo» командасының словениялық шабандозы Примож Рогличті артта қалдырды.
Мәре сызығына дейін 10 шақырым қалғанда Зденек Штыбар (Etixx-Qiuck Step), одан кейін Роберт Гесинк (LottoNL-Jumbo), Диего Роса (Astana) және Нельсон Оливейра (Movistar) шабуыл жасады. Алайда оларды соңғы шақырымда қалған спортшылар қуып жетті. Осыдан кейін Луис-Леон Санчестің өзі шабуылдап, мәре сызығын 1-ші болып кеседі. Осылайша қазақстандық команданың мүшесі генералды классификацияда 1-ші орынға шықты.