8-кезең. Сальта - Уюни - Калама
«Дакар-2014» керуені Чилиге жетті. Ұзақтығы 812 шақырым болған 8-ші кезеңде автошабандоздарды 4 мың метр биіктіктегі екі асу күтіп тұрды. «Астана Моторспортс» механиктері автошабандоз Артур Ардавичюстің көлігін жарыстың басталуына төрт минут қалғанда жөндеп бітірген.
«Түнімен ұйықтаған жоқпыз. Бір түннің ішінде мұндай ауқымды жұмыс атқару мүмкін емес еді. Өйткені, көліктің жартас құлағанан кейінгі жағдайы техникалық ережелерге сай келмеді. Механиктер тобы жеті сағаттың ішінде көлікті жарысқа дайындап шығарды», - дейді Артур Ардавичюс.
№ 542 экипаж апатқа ұшырағаннан кейін тактикасын өзгертті. Олар бұл кезеңде көлікті сақтау мақсатында жолға шықты. Оның үстіне көлік аударылғаннан кейін, жүргізуші Артур Ардавичюс жарақат алған. Ал экипаж механигі Радим Капланек өзін тәуір сезінеді. Экипаж жарыстың мәресіне дейін жетуге күш салмақ.