«Астана» велошабандозы Алексей Луценко «Париж-Ницца» жарысының 5-ші кезеңінде жеңіске жетті
Францияда өтіп жатқан «Париж-Ницца» көпкүндігінің 5-ші кезеңі аяқталды. Бұл кезеңде қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко жеңіске жетті. 2-ші болып «Катюша» командасының өкілі норвегиялық Александер Кристофф келсе, 3-ші орынға «Orica-GreenEdge» командасының спортшысы австралиялық Майкл Мэттьюс тұрақтады.
Осы жеңісінен кейін А.Луценко жалпы есепте 2-ші орынға орнықты. Ол жарыс көшбасшысы австралиялық Майкл Мэттьюстен 6 секунд қалып келеді.
«Париж — Ницца». 5-ші этап.
Saint-Paul-Trois-Chateaux — Salon-de-Provence. 198 км
1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — 5:00:26
2. Александер Кристофф (Норвегия, «Катюша») — +0:21
3. Майкл Мэттьюс (Австралия, «Orica-GreenEdge»)
24. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана»)
34. Льюв Вестра (Нидерланд, «Астана»)
43. Танел Кангерт (Эстония, «Астана»)
68. Ларс Боом (Нидерланд, «Астана»)
73. Диего Роса (Италия, «Астана»)
100. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — +6:44
114. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») — +10:42
Жалпы есеп:
1. Майкл Мэттьюс (Австралия, «Orica-GreenEdge») — 19:24:58
2. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — +0:06
3. Том Дюмулен (Нидерланд, «Giant-Alpecin») — +0:18
7. Льюв Вестра (Нидерланд, «Астана») — +0:28
20. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») — +0:44
26. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +0:51
76. Ларс Боом (Нидерланд, «Астана») — +9:58
100. Дмитрий Груздев (Қазақстан, «Астана») — +15:12
104. Диего Роса (Италия, «Астана») — +17:10
119. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») — +21:39.