Нибали мен Луценко «Алматы турына» қатысады
Винченцо Нибали мен Алексей Луценко біркүндік «Алматы туры-2016» веложарысына қатысады.
«Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы жаңалығым бар. Біздің екі капитанымыз - Винченцо Нибали мен Алексей Луценко 2-ші қазан күні өтетін «Алматы туры» веложарысына қатысады. Спортшыларымызға қолдау көрсетуге келіңіздер!»,- деп жазды «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа маусымнан бастап италиялық велошабандоз Винченцо Нибали «Bahrain Merida» командасының намысын қорғайды.
Дерек көзі: prosportkz.kz