FILA президенті Ненад Лалович қазақ палуандарымен кездесті
FILA президенті Ненад Лалович қазақ палуандарымен кездесті
Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатына құрметті қонақ ретінде шақырылған Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының президенті Ненад Лалович Алматыға келді. Қолы қалт еткен сәтте жергілікті палуандар мен жолығып, өз ойын ортаға салды. Алдағы уақытта күрес түрілерінен салмақ дәрежесі өзгермейтіндігін тіпті келер жылы Тәшкентте өтетін Әлем чемпионатында да осы жеті салмақ қала бертіндігін жеткізді. Тек 2015 жылы ғана лицензиялық турнирлерді алты салмақпен ұйымдастырмақпыз деді. Еліміздің даңқты палуандары - Жақсылық Үшкемпіров пен Дәулет Тұрлыхановтар құрметті мейманға қазақы дәстүрге сай шапан жапты. Одан кейін жас палуандар FILA президентінің алдында өз шеберліктерін паш етті. Артынша гандбол командасының да дайындығын көріп, Сербияда осы спорт түрі алдыңғы қатарда екендігін тілге тиек етті.