Қазақстандық самбошылар үздік үштікте
Санкт-Петербургте 21-25 қараша аралығында самбодан өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды.
Ұлттық құрама қоржынына алтын медальдарды 68 келіге дейінгі Арман Оспанов және 100 келіге дейінгі Павел Лысенко салды. Финалдық кездесулерде Оспанов ресейлік Руслан Гасанхановтан басым түссе, Лысенко беларусьтық Станислав Колбасовты жеңді.
Айта кету керек, Павел Лысенконың жекпе-жегін Владимир Путин тамашалады. Кейін Ресей президенті қазақстандық спортшыны арнайы марапаттады.
Сонымен қатар, елдің ұпайлық қорында Руслан Аушев салған бір күміс және бес қола медаль бар. Оларды Алмаз Сүлейменов, Қазбек Сүпиғалиев, Ділдаш Құрышбаева, Ассет Алдешов және Сергей Афанассенколар салды.
Медальдық кестеде бірінші орын Ресей құрамасында (15 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль), екінші орын украиндық самбошыларда (жалпы саны – 13 медаль).