Қазақстан күрес федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Сауат Мыңбаев тағайындалды деп хабарлайды спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.
Бұл лауазымда ол Серік Сұлтанғалидің орнын басты. Өз кезегінде Қазақстанның күрес федерациясын үш жыл бойы басқарып келген Серік Сұлтанғали федерацияның құрметті президенті атанды. Сонымен қатар, ол «Спортқа қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградасына ие болды.
Айта кетейік, Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.