Жастар құрмасы Грекиядан олжалы оралды
Грекияда өткен жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында Гүлфайруз Наймантаева (44 келі) және Әсел Қайсарова (52 келі) 3 орынды жеңіп алды. Жарыс Грецияда ағымдағы жылдың сәуір айының 5-6 күндері өткізілді. Елімізден 21 спортшыдан құралған жастар командасы қатысты (13 ұл, 8 қыз). Жалпы байрақты бәсекеде 32 мемлекеттен 300-ден астам дзюдошы бақ сынады, деп хабарлайды confederation.kz.